USD: 486.3 / 488.9
  • EUR: 552.0 / 557.0
  • RUB: 6.21 / 6.33
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Қандай отбасылар әл-ауқатты саналады? Бағалау жүйесі өзгерді

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Жаңартылған бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Жаңартылған құжатта несие берешегі, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі және жеке қосалқы шаруашылықтың болуы сияқты көрсеткіштер бойынша балл есептеу тәртібі нақтыланған.

Әдістемеге сәйкес, 90 күннен астам және 1000 теңгеден жоғары мерзімі өткен несие берешегі жоқ азаматтарға 0 балл беріледі. Егер мұндай берешек отбасының бір кәмелетке толған мүшесінде болса, жалпы көрсеткіштен 250 балл шегеріледі. Ал барлық кәмелетке толған мүшелердің мерзімі өткен қарызы болса, 500 балл алып тасталады.

Тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі де отбасының әл-ауқатын бағалауда ескеріледі. Баспанасы жоқ азаматтарға минус 200 балл есептеледі. Егер бір адамға шаққандағы тұрғын үй көлемі 18 шаршы метрден аз болса, минус 80 балл беріледі. Ал бір тұрғын үй нысаны бар және әр адамға 18 шаршы метрден артық аумақ тиесілі болса, балл өзгермейді.

Бірнеше тұрғын үй нысаны бар отбасыларға қосымша балл есептеледі:

  • екіден үшке дейін тұрғын үй болса – 100 балл;
  • үштен алтыға дейін тұрғын үй болса – 400 балл;
  • алтыдан он бірге дейін тұрғын үй болса – 1000 балл;
  • он бірден көп тұрғын үй болса – 2000 балл.

Сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы да бағаланады. Мұндай шаруашылығы жоқ азаматтарға 0 балл беріледі. Ал шаруашылықтың бағалау құнына қарай:

  • 500 мың теңгеге дейін – 50 балл;
  • 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін – 150 балл;
  • 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін – 350 балл;
  • 2 млн теңгеден жоғары болса – 600 балл қосылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіштер азаматтар мен отбасылардың әлеуметтік жағдайын кешенді бағалау үшін қолданылады.

Жаңартылған бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз