Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Қанатбек Жайсанбаев 1980 жылы дүниеге келген. Қызылорда қаласында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер", 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін "экономист" мамандығымен тәмамдаған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында (2000-2001), Қызылорда облыстық әкімшілік сотының бас маманы (08.2001-09.2001), Қызылорда облысы әкімі аппаратының маманы, бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2001-2005), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2005-2007), "Kazakh Integrated Services" ЖШС және "CNRG Capital" ЖШС заңгері (2007-2008), Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2008-2010), Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (2010-2016), Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2021) қызметтерін атқарды.
2021 жылдың сәуірінен Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.
Ал 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Берік Асылов бас прокурор қызметіне қайта тағайындалды
Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы қызметіне қайта тағайындалды