USD: 470.7 / 473.3
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Берік Асылов бас прокурор қызметіне қайта тағайындалды

Берік Асылов. Фото: Informburo.kz
Берік Асылов. Фото: Informburo.kz
Бұл қызметті ол 2022 жылғы 3 наурыздан бері атқарып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты бас прокурор қызметіне қайта тағайындады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Берік Асылов еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастады.

1992-2001 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы ерекше маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, сондай-ақ Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.

2006 жылы Батыс өңірлік көлік прокуроры болып тағайындалып, кейін Ақтөбе облысының прокуроры қызметін атқарды.

2010 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын басқарды.

2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау