USD: 470.7 / 473.3
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы қызметіне қайта тағайындалды

Асламбек Мерғалиев. Фото: Жоғарғы сот
Асламбек Мерғалиев. Фото: Жоғарғы сот
Ол бұл қызметті 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бері атқарып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Мерғалиевті Жоғарғы Сот төрағасы қызметіне қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Асламбек Мерғалиев бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді.

Бұған дейін Ақтөбе және Қостанай облыстық соттарының төрағасы болған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын басқарды, сондай-ақ Павлодар және Екібастұз қалалық соттарының төрағасы қызметтерін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау