Жыл ішінде балаларға жасалып жатқан жақсылықтардан гөрі жас ұрпақтың проблемалары, трагедиясы көп көрініс тапқан.
Ақын Серікбол Хасан Aiqyn басылымына берген сұхбатында балалардың мәселелері балалар жылы қаншалықты шешілгені туралы пікір білдірді.
Қаламгердің айтуынша, президент 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, биыл өскелең ұрпақтың, әсіресе әлеуметтік мәселелеріне мән берілетінін айтқан. Алайда биыл көп дүние керісінше болған.
"Өйткені бұрын балалардың әртүрлі үйірмесіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келсе, осы жылы керісінше көптеген үйірме жабылды. БАҚ беттерінде балалар өліміне қатысты ақпарат көбейді. Балаларға жасалып жатқан жақсылықтардың насихатынан гөрі жас ұрпақтың проблемалары, трагедиясы көп көрініс тапты. "Қазақстан халқына" қоры құрылып, ол мүгедектігі бар, науқас балаларға көмек көрсетеді делінді, оның да есебі көзге көрінген жоқ", – деді Серікбол Хасан.
Оқи отырыңыз: "Бала үшке толғанша анасы қасында болуы керек". Декрет демалысын ерте үзу неге дұрыс емес?
Сондай-ақ, ол балалар әдебиетінде де айтарлықтай жаңалық болмағанын айтты. Қаламгердің сөзінше, саладағы жалғыз жаңалық – Астанадағы Жетісу саябағында "Менің атым Қожа" шығармасының кейіпкері – Қожаға ескерткіш қойылуы ғана болған.
"Бұл – балалар әдебиетіне, қазақ киносына деген құрмет. Бұдан басқа, балалар әдебиетінде де айтарлықтай жаңалық болған жоқ. Бірнеше байқауда "Балалар әдебиеті" аталымы қарастырылды, әйтсе де, байқаулар балалар әдебиетін дамытады деген сөз емес. Мәселен, осындай байқауларға балалар жазушысы еместер де қатысып жатқанын көрдік. Ақын-жазушылар конкурсқа қатысып қана қоймай, балаларға арналған шығармалар жазса екен деген тілек бар", – деді Серікбол Хасан.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-