Тікелей эфир

«Қайтпасам, ол кек алады". Сотта Нүкенова мен құрбысының бір-біріне жазған хаттары оқылды

Хат алмасуда марқұм Бишімбаевтың өзін "маниакалды" түрде жақсы көретінін айтқан.

Елордалық сотта марқұм Салтанат Нүкенова мен оның құрбысының әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев туралы жеке хаттары оқылды.

Аида Ахмедина куәлік беру кезінде прокурор Салтанат Нүкенова екеуі жазған хабарламаларды оқып берді. Сәуір айында марқұм қыз құрбысына Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасындағы қиындықтарды, сондай-ақ оны тастап кету туралы ниетін айтқан.

«Ол мені жіберетіні екіталай. Әкем де ол маған күн көрсетпейтінін айтты. Мен онымен (Бишімбаевпен. – Автор) диалогқа бармаймын. Мен өз ұстанымымда тұрамын. Ол барлығына махаббат туралы қақсайтын болады. Одан кейін менің қандай қорқынышты адам екенім туралы айта бастайды. Егер мен қайтып оралмасам, оның айтқанына көнбейтін болсам – ол менен кек ала бастайды», – деп оқыды прокурор Нүкенованың хабарламасын.


Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенова ескі жарақат салдарынан қайтыс болуы мүмкін бе?


Нүкенованың жазуынша, Бишімбаев бетінен ұрып-соғудың ізі бар суретті есіне түсіріп,  суретті болашақта өзін бопсалау үшін пайдаланады деп ойлайтынын айтқан.

«Ол біз сол суретті жариялап, одан ақша алып отырамыз деп ойлайды. Ол менің жалаңаш денемді видеоға түсіруді өтінді, себебі ол видео оны бопсаламауға кепілдік болатынын айтты. Білесің бе, мен оған: «Сен құбыжықсың» дедім, бірақ ол мені видеоға түсірмей жібермейтінін білдім. Одан кету үшін видеоға түстім. Менің басқа шарам болмады, шаршадым. Одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол әр қадамымды қадағалайды. Әр хабарлама,әр қоңырауды тексереді. Жалпы телефоныма кіре бере алмаймын. Тіпті зиянсыз хабарламаларды өшіруді ұмытып кетуден қорқамын. Ол еш себепсіз ашуға булығып кетуі мүмкін. Айқайлап, кемсітіп, қорлайды. Менің діңкем құрыды. Үнемі үндемеймін және жанжал болмас үшін үнемі ақталамын. Ол ашуланбасын деп жүйкем тозып кетті. Ол мені маниакалды түрде жақсы көреді. Бұл –  махаббат емес. Мен қазір осының бәрін зерттеп жатырмын. Осы үшін Павлодарға қашып кеттім. Жалпы жағдай осылай. Ары қарай не боларын білмеймін. Оған да жаным ашиды. Мен аяушылықпен осы уақытқа дейін шыдап келдім», – деп жазылған Нүкенованың хабарламасында.

Марқұм Бишімбаевтың айтқанының бәрін орындау керектігін, олай етпесе таң атқанша жалғасатын жанжал болатынын айтқан.


Оқи отырыңыз: Сот-медициналық сарапшы: Нүкенованың алған жарақатының сипатын ескерсек, оны құтқару мүмкіндігі екіталай еді


Сондай-ақ, бойжеткен құрбысына заттарын алып Алматыға кеткісі келгенде Бишімбаев оның шашын жұлып алғанын жазған.

«Мұндай жағдай бір емес, бірнеше рет болды. Ол бірнеше рет шашымнан ұстап, айқайлады. Менің шашым уыстап түсті. Содан кейін ол ұруын тоқтатты. Мен үнемі кетіп қалып отырдым. Ол қолын көтеруді қойды. Мүмкін психологпен жұмыс істеуі оған көмектескен болар. Мен әдетте біреуге хат жазудан, ол туралы немесе біздің қарым-қатынасымыз туралы айтудан қорқамын. Аида, анаңа да, Әселге де айтпа, әсіресе қыздарға. Өтінемін, ешкімге айтпа», – деп жазды Нүкенова Ахмединаға.

Нүкенова оның жақындары ол үшін алаңдамай, «қалыпты" өмір сүруін жалғастыруы керектігін жазған.

Серіктестер жаңалықтары