Тікелей эфир

Сот-медициналық сарапшы: Нүкенованың алған жарақатының сипатын ескерсек, оны құтқару мүмкіндігі екіталай еді

Нүкенованың миында 230 мл қан жиналған. Бұл – адам үшін өлім көрсеткіші.

Жарақатының сипатын ескерсек, Салтанат Нүкенованы дер кезінде медициналық көмек көрсеткеннің  өзінде құтқару мүмкіндігі екіталай еді. Бұл туралы сотта жауап алу кезінде сот сарапшысы Тахир Халимназаров мәлімдеді.

«Қараңыздар, жарақат тек субдуральды гематомамен бірге болатын жағдайлар бар. Дәрігерлер уақтылы медициналық көмек көрсете отырып, бас сүйегін тесіп, сұйықтықты алып тастап, қан кетуді тоқтатады. Кейде құтқарып қалатын жағдайлар да болады, бірақ бұл жағдайда мишық, ми өзегі, қатты қабық астында қан ұйылу, жұмсақ ми қабығының астында қан кету сияқты күрделі кешен бар. Сарапшылардың пікірін ескере отырып, бұл жерде мүмкіндіктер, әрине, өте аз екен айтамын. Мүмкін өмірін сақтап қалу мүмкіндіктері болған шығар, бірақ олай болуы екіталай еді», – деді Тахир Халимназаров.

Салтанат Нүкенованың субдуралдық қанды ісігінің көлемі – 230 мл, бұл өлімге әкелетін көрсеткіш. Маманның айтуынша, 50-60 мл қанның жиналуының өзі адам өміріне қауіп төндіреді.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні неге полиция шақырмағанын айтты


Заң кеңесшісі Әлия Омарова бейнебақылау камерасының бейнежазбаларында Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы шапалақпен ұрғаны көрінетініне назар аударды. Ол алақанмен соғу жұдырықпен соғудан гөрі маңызды емес пе екенін сұрады.

«Ол кімнің соққанына байланысты. Әрине, салмағы 90-100 келі болатын адам ұрса, 40-50 келілік адам үшін (сол салмақтағы адам. – Автор) бұл жеткілікті деңгейдегі жарақат болып саналады. Жарақат соққан адамның параметрлеріне, соққының күшіне байланысты. Шапалақпен ұру да – соққы. Беттен шапалақпен ұру деп қыз баланың адамның бетін шалақанымен салып қалғанын айтуға болады. Ал алақанмен күшпен ұрған кезде адам есінен танып қалуы да мүмкін, сондықтан мұны маңызы жоқ соққы деп айтуға болмайды», – деді сарапшы.

Халимназаров Салтанат Нүкенованың мәйітін қарау кезінде денесі қарысып қалғанын айтты. Бұлай қарысып қалу үшін 6-7 сағат керек. Осыны ескерген мамандар сараптама жүргізілгенге дейін Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанына 6-8 сағат өткен болуы мүмкін екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары