Қайтарылған активтер: Оралда 400 орындық мектеп-лицейі ашылды

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Көпқабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді.

Оралда қайтарылған активтер есебінен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды үкімет.

Жаңа білім ордасы 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды.

"2018 жылы 320 орындық мектеп ғимараты апатты деп танылды. Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру жолында еліміздің өңірінде көптеген білім ордасы қолданысқа берілді. Соның бірі – облыстық дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейі. 2025 жылы заманауи талаптарға сай, көпқабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді", – дейді мектеп-лицей директоры Алима Саурова.

Бұған дейін үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген болатын. Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

Серіктестер жаңалықтары