Сауд Арабиясы корольдігі 2026 жылы елге қажылық сапармен келген адамдар саны бойынша рекорд орнатқан. Қажылар саны 20 миллионға жуықтады. Бұл туралы мәлімет Тhe Іslamic Іnformation басылымында жазылған.
Корольдіктің Мекке қаласы шетелдік қонақтар саны бойынша әлемде бесінші орында. Қонақтар арасында қажылардан бөлек, туристер де бар.
Басылымның жазуынша, ел билігі қазір қалалық туризмді дамытуға күш салып келеді. Оның аясында діни нысандардан бөлек, тарихи орындар мен мәдени нысандар санын арттырып, барын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 87-ге жеткен.
Ал қажылыққа келетін болсақ, үлкен қажылықтан бұрын ұмра, яғни кіші қажылық парызын өтеуге келетіндердің үлесі әлдеқайда басым. Мәселен, соңғы жылда ұмра сапары үшін берілген виза бүкіл визаның 85 пайызына жуықтаған. Ал ұмра сапарымен елге Пәкістан, Индонезия және Мысыр елдерінің өкілдері көбірек келеді.
ҚМДБ 2027 жылғы қажылық орындарды алуға байқау жариялады
Мұсылмандар 25 жыл бойы үлкен қажылыққа жазда бармайды