Тікелей эфир

Қадір түні: Республикалық бас мешітте тікелей эфирде Құран хатым жасалады

Қадір түніне қатысты бағдарламаны Munara TV телеарнасы ұсынады.

Қадір түніне орай, бүгін мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы "Munara TV" тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады. Тікелей эфир Астана қаласындағы республикалық бас мешіттен таратылады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, бағдарлама аясында студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

"21:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады. Сондай-ақ, орталық студияға арнаның аймақтардағы тілшілері тікелей қосылым жасайды", – делінген ҚМДБ хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінде тасқын судан зардап шеккен халқымызға жеңілдік сұрайға үндеген болатын. 

"Исі мұсылман баласының тағдыр жазылатын түнді тағатсыздана күтуінің бір хикметі – Жаратқанға жақындай түсуге талпынуы. Сондықтан бұл түнді сауапты істермен өткізуге тырысайық. Алла Тағаладан қасиетті Қадір түнінде еліміздің амандығы мен тыныштығын тілеп, су тасқынынан зардап шеккен халқымызға жеңілдік сұрайық. Жаратушы Иеміз қазақ еліне жар болғай" – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Оқи отырыңыз: Бас мүфти: Қадір түнінде тасқын судан зардап шеккен халқымызға жеңілдік сұрайық


 

Серіктестер жаңалықтары