USD: 487.1 / 490.1
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Президент: Бұған дейін мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдану оңай болмайтын

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаевтың айтуынша, еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі іске қосылғалы бері мемлекеттік органдармен дауласуда азаматтар мен бизнестің жеңіске жету көрсеткіші айтарлықтай артты. Соңғы статистикалық мәліметтер қоғамдағы "соттар тек билікті жақтайды" деген түсініктің түбегейлі өзгере бастағанын көрсетіп отыр. 

"Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағымдану, яғни, өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді. Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз. Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз "судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды" деген қасаң пікірден арыла бастады", – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз