USD: 486.7 / 489.3
  • EUR: 560.5 / 565.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

eGov-қа ұқсас сайт: Қазақстанда банк деректерін ұрлайтын жаңа схема анықталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Алаяқтардың жаңа тәсілі әшкереленді.

Қазақстан аумағында интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мәліметке сәйкес, алаяқтар мемлекеттік қызметтерге деген сенімді пайдаланып, азаматтардың жеке деректерін иемденуді көздейді. Олар ұялы телефондарға ресми байланыс орталығының нөміріне ұқсас нөмірден хабарлама жіберіп, әкімшілік айыппұл салынғаны туралы жалған ақпарат таратады.

"Хабарламада айыппұлды тексеру немесе төлеу үшін сілтеме ұсынылады. Сырттай қарағанда ол eGov порталы сайтына ұқсайды. Алайда бұл — алаяқтар жасаған жалған ресурс. Ең қауіптісі — сайтқа кез келген ЖСН немесе көлік нөмірін енгізсеңіз де, жүйе автоматты түрде «айыппұл бар» деген жалған нәтиже көрсетеді. Бұл қолданушының сенімін арттыру үшін жасалған тәсіл. Одан кейін "төлеу" батырмасын басқанда, сайт банк картасының толық деректерін сұрайды. Бұл мәліметтер алаяқтардың қолына түссе, қаражат заңсыз шешіліп алынуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Полиция мұндай алаяқтықтың басты белгісі — қате деректер енгізілгеннің өзінде "айыппұл бар" деген нәтиженің шығуы екенін атап өтті. Ведомство азаматтарға келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • жеке және банк деректерін бөгде сайттарға енгізбеу;
  • белгісіз хабарламаларға сенбеу;
  • күдік туындаса, құқық қорғау органдарына жүгіну.

Сондай-ақ айыппұлдарды тек ресми платформалар арқылы тексеру қажет екені ескертілді.

Полиция азаматтарды цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, сақтық — алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз