Петропавлда сот мемлекеттік кірістер басқармасының марқұм бөлім басшысы Азамат Сейтхановтың отбасына 34 млн теңге төлеу туралы шешім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың шілдесінде Сейтханов іссапармен Астанаға бара жатып жол апатына түсіп, бірнеше адаммен бірге көз жұмған. 2024 жылғы 31 қазанда оның қазасы қызметтік міндетін атқарумен байланысты екені ресми түрде расталды.
Марқұмның жары өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінен соңғы 12 айдағы барлық табысы негізінде 58 млн теңгеден астам өтемақы төлеуді талап еткен.
"Қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан салық органдары қызметкерінің отбасы немесе асырауындағыларға бюджет есебінен соңғы лауазымы бойынша 10 жылдық ақшалай қамтылым көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Марқұмның арнайы атағы немесе сыныбы болмағандықтан, оның қамтылымы тек лауазымдық жалақысымен шектелді", – делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот мемлекеттік органды жесіріне 34,8 млн теңге төлеуге міндеттеді.
lw-3094948329-1
USD:
513.7 / 516.3
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.39 / 6.51