Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінде емделген.
Павлодарда дәріден уланып ауруханаға түскен баланың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz басылымы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралары жүргізілген.
Баланы 11 наурызда педиатр қарап, күніне 2 реттен – таңертең және кешке "Ампициллин" 250 мг тағайындаған. Алайда дәріханада "Ампициллиннің" орнына "Амитриптилин" берген.
"Анасының айтуы бойынша балаға "Амитриптилин" 25 мг таблетка берген. 11 наурыз күні – 1 таблетка, кешке сағат 23:00-де – 2 таблетка және 12 наурыз күні таңертең 3 таблетка ішкен. Кешке қарай бала әлсіреп, ұйықтай берген, құсу және құрысу белгілері байқалмады. Ауруханаға түскен кезде интоксикацияға байланысты жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімшесінде асқазанды шаю жүргізілді", – деді басқармадағылар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалардың 7 пайызға жуығы семіздікке шалдыққан
Бүлдіршін 2022 жылдың 13-18 наурыз аралығында облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінде стационарлық ем алды.
Еске салсақ, Павлодарда фармацевтің дәріні шатастырып, 3 жасар баланың антидепрессанттардан уланғаны туралы хабарлаған едік.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
252
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
232
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
224
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
216
-
1
-
5
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
139
-
0
-
1
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
120
-
0
-
1
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
118
-
0
-
1
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
64
-
0
-
0
-
-
9Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды
-
7
-
0
-
0
-