
Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы 54 этномәдени бірлестік те референдумға келіп дауыс береді.
Осылай деген Инесса Тоболеваның айтуынша, облыстағы этнос өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумда өз құқығын пайдаланып, оң бастамаларды қолдаймыз деп отыр. Әрі референдумның маңыздылығын ескерген олр дауыс беруге өздерінің ұлттық киімімен келуді жөн санапты.
"Референдум-Жаңа Қазақстан құрудағы үлкен қадам, жаңа мемлекеттік модель. Ел тағдырына ешкім бей-жай қарамауы керек. Біз жолдасымыз екеуміз референдумға немерелерімізді де алып келдік. Әрине, олар дауыс бере алмайды. Бірінің жасы 12-де, екіншісі 10-да. Яғни, әлі кәмелет жасына толмаған. Бірақ, олар референдумға келіп барлығын көрсін деп ойладық. Заң күнде өзгеріп жатқан жоқ. Олардың да есінде қалсын дедік. Балалар біздің болашағымыз ғой. Мемлекетте заң қалай қабылданатынын олар да біліп жүруі керек", – деді БҚО "Қоғамдық келісім" КММ басшысы, этномәдени бірлестік жетекшісі Инесса Тоболева.
Ата заңымыздың 33 бабына енгізілетін 56 өзгерісті этномәдени бірлестік өкілдері қолдаймыз дейді. Өйткені, халықтың пікірін алдыңғы қатарға қойып, елмен санасып жұмыс істеп жатқан басшының артынан еру маңызды. Яғни, жаңа өзгеріс пен бастамаларға қолдау білдіру керек.
"Біз қазір өте керемет кезеңде өмір сүрудеміз. Мемлекет басшысы “Жаңа Қазақстан құрамыз” деп жатыр. Әрине, бізге мемлекетті қайта құрудың қажеті жақ, бізге жаңа бағыт-бағдар керек. Сондай-ақ біз қарапайым тұрғындар өзіміз де уақытқа қарай өзгеруіміз керек. Ол үшін референдумға келіп, дауыс беру маңызды. Өзгерісті өзімізден бастауымыз қажет. Егер біз бұған бей-жай қарап келмейтін болсақ, мемлекеттен қандай өзгеріс талап етеміз? Мүмкіндігімізді пайдаланайық", – дейді Инесса Тоболева.
Жалпы "Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді".
Бүгінде БҚО-да бір үйдің баласындай өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері де отанымыздың болашағына алаңдаушылық білдіріп, референдумды қолдап отыр. Өйткені, әр қазақстандықтың пікірі маңызды. Сондықтан бүгін таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында сайлау учаскеңізге барып, өз таңдауыңызды жасаңыз.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
311
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
269
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
277
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
267
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
273
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
237
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
227
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
230
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
226
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
236
-
0
-
0
-