USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 559.0 / 564.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Өзбекстанның Жоғарғы сотына тұңғыш рет әйел судья төрағалық етеді

Фото: Uzdaily.uz
Фото: Uzdaily.uz
Робахон Махмудованың кандидатурасын президент Щавкат Мирзиёевтің өзі ұсынған.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Сенаты Робахон Махмудованы елдің Жоғарғы сотының төрайымы қызметіне сайлады, деп жазды Uzdaily.uz

Бұл мәселе Өзбекстан Республикасының Конституциясына және "Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты туралы" конституциялық заңға сәйкес Сенат Кенгашы отырысында қаралды. Кандидатураны Өзбекстан Республикасының президенті ұсынған.

Талқылау қорытындысы бойынша Робахон Махмудованы Жоғарғы сот судьясы лауазымына мерзімсіз, ал Жоғарғы сот төрағасы қызметіне бес жыл мерзімге сайлау туралы қаулы қабылданды.

Кадрлық шешім бұрынғы Жоғарғы сот төрағасы Бахтиёр Исламовтың қызметінен босатылуынан кейін қабылданды. Ол 2022 жылдың тамыз айынан бері елдің жоғары сот органын басқарған.

Робахон Махмудова жаңа қызметке дейін 2024 жылдың қаңтар айынан бастап "Адолат" социал-демократиялық партиясының төрайымы қызметін атқарып келген. Бұған дейін ол 2023 жылғы кезектен тыс президенттік сайлауға осы партияның атынан қатысып, дауыс берушілердің 4,43 пайызын жинаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз