USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара режимі туралы келісім мақұлданды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Депутаттың айтуынша, дәл осындай Келісімдер Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстанмен және Түрікменстанмен жасалған.

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң мақұлданды.

Аталған маңызды құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекетімізге жасаған ресми сапары аясында екі елдің сыртқы істер министрлері қол қойған болатын.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаевтың түсіндіруінше, бұл құжат екі мемлекет арасындағы 2001 жылғы 16 қарашадағы мемлекеттік шекара туралы шарттың ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. Тараптар 2022 жылғы 22 желтоқсанда мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін толық аяқтап, тиісті шартқа қол қойған еді.

"Жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын нақты белгілеу аяқталып, екі мемлекет арасындағы шекарадағы қатынастарды реттеудің қажетті халықаралық-құқықтық негізі қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік шекара режимі – мемлекеттік шекараны және шекара белгілерін күтіп-ұстау, адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді әрі өзге де мүлікті шекара арқылы өткізу, шекаралық белдеулер мен суларда шаруашылық жұмыстарды жүргізу тәртібін, шекаралық оқиғаларды реттеу тетіктерін қамтитын құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешені", – деді сенатор.

Осы уақытқа дейін шекара маңындағы өзара іс-қимылдың жекелеген мәселелері ұлттық заңнамамен және бірнеше екіжақты келісімдермен реттеліп келсе, жаңа Келісім Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы режимін реттеудің бірыңғай кешенді халықаралық-құқықтық тетігін қалыптастырмақ.


Оқи отырыңыз: Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша үздік үштікке енді


Депутаттың айтуынша, дәл осындай Келісімдер Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстанмен және Түрікменстанмен арасында да жасалған. Ал Ресей Федерациясымен ұқсас келісім жасау жұмыстары мемлекеттік шекараны демаркациялау толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Өзбекстан тарапы ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтап, бұл Келісімді 2025 жылғы 26 қаңтарда ратификациялаған. Заңның қабылдануы республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша шығындарды талап етпейді, сондай-ақ ешқандай теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз