Өзбекстан дәрігерлері қос уыс шеге жұтқан тұрғынды аман алып қалды

Фото: Өзбекстан республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының өңірлік филиалы
Фото: Өзбекстан республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының өңірлік филиалы
Науқас мұны күйзеліс жағдайында жасағанын айтып түсіндірген.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында дәрігерлер науқасқа ота жасап, асқазанынан 200 граммға жуық шеге мен шуруп алып шыққан. Бұл туралы Өзбекстан республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының өңірлік филиалы жазды. 

29 жастағы науқас асқазан тұсындағы ауырсыну сезіміне байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тексеру кезінде оның асқазан-ішек жолында түрлі үшкір металл заттардың бары анықталып, дереу ота жасау туралы шешім қабылданған. 

Науқастың асқазанынан алынған заттар арасында шегелер, бұрандалар және түйреуіштер табылған. Науқас оларды күйзеліс жағдайында жұтқанын айтып түсіндірген. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы тәуір және өз бетінше жүріп-тұра алады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары