Шоу мен шашуға тыйым. Өзбекстанда той өткізу қатаң бақылауға алынады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Қосарланған тойға қатысатын адам саны 250-300 адамнан аспауы қажет.

Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі 589-санды қаулысына сәйкес, Save Food бағдарламасы аясында тойлар, салтанатты рәсімдер мен отбасылық шаралар белгіленген тәртіп негізінде бақылауға алынады, деп жазды UzA ақпарат агенттігі

Өзбекстанда 2026-2030 жылдар "Азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті кезеңі" деп жарияланды. Бұл кезеңде артық ысыраптың алдын алу, халықты жеткілікті әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылмақ.

Қаулыға сәйкес, той және салтанатты шаралар:

  • 2019 жылы бекітілген ереже негізінде өтеді;
  • Отбасылық жиындарға – 200 адамға дейін;
  • Ас (қонақасы) рәсімдеріне – 250 адамға дейін қонақ қатыса алады;
  • Қосарланған тойлар мен асарға – 250-300 адамға дейін.

Ұлттық дәстүрлерге сай келмейтін, артық уақыт пен шығынды талап ететін әдет-ғұрыптар мен шоу түріндегі шараларға тыйым салынады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз