Ысырапты ысыратын уақыт келді. Бұдан былай Өзбекстан халқы үйлену тойына 200 адамнан артық қонақ шақыра алмайды. Өйткені, билік ел аумағында өтетін барлық салтанатты шараларды қатаң қадағалауға алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Үкімет қаулысына сәйкес, 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі кезең "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мерзімі" деп жарияланды. Осы аралықта халықты сапалы әрі жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге орынсыз ысыраптың алдын алу мақсатында жүйелі шаралар қабылданады.
Яғни, той-томалақтан бастап, барлық дәстүрлі жиындарға жалпы 200-250 адамнан артық қонақ шақыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар ұлттық дәстүрлерге сай келмейтін, артық шығын мен уақытты қажет ететін шоу бағдарламалар өткізуге шектеу қойылмақ. Әрі, жерлеу рәсіміндегі ысырапшылдыққа да жол бермейміз деп отыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63