Тікелей эфир

"Отбасы жұптарының денсаулық құжаты" жобасы. Қазақстанда ұл-қыздар некелескенге дейін міндетті тексеруден өтеді

Профилактикалық тексеру кезінде ауруларды анықтау үшін чек-парақшалары әзірленеді. 

Қазақтанда алғаш рет жас жұбайлардың репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында "Отбасы жұптарының денсаулық құжаты" жаңа жобасы енгізіледі. Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланды. 

Жоба аясында генетикалық, соматикалық және жұқпалы ауруларды, жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау және жүктілікті жоспарлау мақсатында қыздар мен ұлдарға некеге тұрғанға дейін міндетті профилактикалық тексерулер жүргізеді. Сондай-ақ, тағы да екі бағдарлама іске қосылады.

"Сонымен қатар, "Қазақстандағы әйелдердің репродуктивті әлеуетін сақтайық" бағдарламасы әзірленіп, алғаш рет жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама аясында бала туу жасындағы әйелдердің гинекологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары енгізіледі. Ал "Жоспарланған жүктілік" бағдарламасы аясында  жүктілікті жоспарлағанға дейін әйел мен ерлердің денсаулығын диагностикалау мақсатында кешенді зерттеуге арналған "болашақ ата-аналарға арналған сheck-up" (чек-ап) әзірленеді", – делінген хабарламада.

Профилактикалық тексеру кезінде соматикалық және гинекологиялық аурулардың алғашқы белгілерін анықтау үшін чек-парақшалары әзірленеді. 

Серіктестер жаңалықтары