Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша Қазақстан әлемде 58-орында

Амбулаториялық қызметтер бағасы бір ай ішінде 2% өсті.

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің әлемдік рейтингінде 95 мемлекеттің ішінде 58-орынға жайғасты. Мемлекеттің индексі 59,99-ды құрады.

Индекстің жоғары болуы денсаулық сақтау жүйесінің қызметтері сапалы екенін білдіреді. Дәлірек, индекс медицина қызметкерлері, құрылғылар, ұжым, қызмет құнын және т.б.-ны бағалайды. 

Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінің медицина жүйесі алдыңғы қатарға шықты. Ал Венесуэла керісінше ең төмен көрсеткішке ие болды. 

Рейтингтегі ТМД елдерінің ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жақсы болып шықты. Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжан елдерінің көрсеткіші Қазақстанға қарағанда төмен. 


Оқи отырыңыз: МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай білуге болады?


Осы жылдың ақпан айында (бір ай ішінде) амбулаториялық қызметтер бағасы 1,8%, ал бір жылда 6,4% өсті. 

Амбулаториядағы дәрігер-мамандардың қызметі бір айда 6,1% өсті:

  • дәрігердің алғашқы қабылдауы – 2,1%;
  • медициналық зертхана мен рентген кабинеттері қызметінің бағасы – 1,4%;
  • тіс дәрігері қызметі 0,6% қымбаттады. 

Бір жыл ішінде амбулаториялық дәрігер-мамандардың қызметі 9,8% қымбаттады:

  • дәрігердің алғашқы қабылдауы – 8,5%;
  • медициналық зертхана мен рентген кабинеттері қызметінің бағасы – 5,8%;
  • тіс дәрігері қызметі 4,4% қымбаттады. 

Оқи отырыңыз: 


2020 жылы Қазақстанда дәрігерлер (тіс дәрігерлерінен басқа) саны 76,4 мыңға жетті. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,2% көп. 

Басқа қалаларға қарағанда Алматыда дәрігерлер саны көп екені белгілі болды: 13,5 мың адам, бір жылда көрсеткіш 3% өскен. Сондай-ақ, үздік үштікке келесі өңірлер кірді:

  • астана – 9 мың адам, бір жылда 4,9% өсті;
  • Қарағанды облысы – 6,4 мың адам, 2,4% артты.

Керісінше Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер саны аз екені анықталды – небәрі 1,7 мың маман. 

Осылайша Қазақстандағы әрбір 100 мың адамға 405 дәрігерден келеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% көп. Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында дәрігерлер жетіспеушілігі байқалды. 

Әрбір 100 мың қазақстандыққа 14 провизор, 21 фармацевт, 323 дәрігер маман және 10 тіс дәрігерінен келеді. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары