Отандық лоукостер Дубай бағытындағы рейстерді тоқтату мерзімін тағы да ұзартты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жаңа шешім бойынша бұл бағыттағы рейстер қыркүйектің соңына дейін орындалмайды.

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін ұзартылатынын хабарлады. Бұл шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданды. 

Бұған дейін компания рейстердің 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын

"Қазіргі уақытта Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша билеттер 3 қазаннан бастап қысқы ұшу кестесі аясында қолжетімді. Әрі қарай өзгерістер болған жағдайда қосымша ақпарат беріледі. Рейстері тоқтатылған жолаушыларға кейінгі рейстерге қайта брондау немесе билет құнын сатып алған жері бойынша айыппұлсыз толық көлемде қайтару ұсынылады", – делінген ресми хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау