USD: 463.9 / 466.5
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.35 / 5.47
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Қазақстандық лоукостер Астанадан Құлжаға тікелей рейс ашады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
FlyArystan Қытайға жаңа халықаралық рейсін ұсынады.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астанадан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа тікелей рейс ашатынын жариялады.

Алғашқы рейс 2026 жылғы 28 қазанда орындалады. Әуе рейстері аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Бұл FlyArystan-ның Ининге ашқан екінші бағыты болмақ.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы мамырда Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша қазақстандық әуе тасымалдаушылары арасындағы алғашқы тікелей рейс іске қосылған. Бір жыл ішінде бұл бағытқа сұраныс жоғары болғандықтан, 2026 жылы рейстердің жиілігі аптасына төрт ретке дейін көбейтілді.

Астана – Инин бағытының іске қосылуы FlyArystan-ның Қытайдағы халықаралық бағыттарын кеңейту жоспарының бір бөлігі.

2026 жылы әуе компаниясы:

  • Астана – Үрімші рейстерін қайта іске қосты;
  • Ақтау – Үрімші бағытын ашты;
  • Алматы – Сиань бағытын іске қосты;
  • Алматы – Чунцин бағытын ұсынды.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, жолаушылар үшін сапар мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау