Тікелей эфир

Отандық әуе компаниялары мүгедектерге қандай жеңілдіктер ұсынады?

2 жасқа дейінгі балалар халықаралық және ішкі рейстерде тегін тасымалданады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында қазақстандық әуе компаниялары мүгедектерге қандай жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.

"Қазіргі уақытта ҚР қолданыстағы заңнамасында 2 жастан 15 жасқа дейінгі ішкі рейстерде және 2 жастан 12 жасқа дейінгі халықаралық рейстерде кәмелетке толмаған балаларға 50% жеңілдік көзделген. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес 2 жасқа дейінгі балаларды халықаралық және ішкі рейстерде жеке орын бермей тасымалдау тегін жүзеге асырылады", – деді Роман Скляр.

Министрліктің сұрауына орай, әуе компаниялары келесідей жауап қайтарған:

SCAT: Авиакомпанияның ішкі тұрақты рейстерінде (субсидияланған рейстерді қоспағанда) жылына 1 рет мүгедек балалар мен І топтағы мүгедектер үшін тарифтен 100% жеңілдік, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік беріледі. Бұл ретте жолаушылар әуежай алымдары мен авиабилетті ресімдегені үшін алымдарды төлейді. Еріп жүретін адамдарға жеңілдіктер қарастырылмаған.

Qazaq Air: Мүгедектігі бар адамдарға әуе сапарларына жеңілдіктер беру мәселесі барлық растайтын құжаттарды ұсынған кезде жеке тәртіппен қаралады. Сонымен қатар, мүгедек балаға тариф құнынан 100% жеңілдік және ілесіп жүретін адамға сол тарифтен 50% жеңілдік беріледі.

Air Astana: 60 жастан асқан жолаушыларға, 12 жастан 25 жасқа дейінгі жастарға және ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер көзделген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болады?


"Сонымен қатар, бүгінгі күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ел ішінде кәмелетке толмаған балалардың ұшуы кезінде авиабилеттерді субсидиялауды көздейтін "Kids go free" мемлекеттік бағдарламасын іске асырып жатқанын хабарлаймыз", – делінген Роман Склярдың жауабында.

Серіктестер жаңалықтары