"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Еламан Айбульдинов тағайындалды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Өрлеу" БАҰО" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды.
Еламан Айбульдинов Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "химия" мамандығын 2008 жылы аяқтап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері болып бастады. Әр жылдары "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің сарапшысы, Қазақ технология және бизнес университетінің ғылым, инновациялық технологиялар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа химиялық технологиялар ғылыми-зерттеу институтының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып еңбек етті.
2015 жылдан бері Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. 2021 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы. ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі.