Тікелей эфир

Ораза кезінде жаппай тамақтан уланбас үшін не істеу керек?

Сәресі және ауызашар кезінде тамақтан улану деректері жиілеген.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының таралуының алдын алу мақсатында бақылауды күшейту қажеттілігі туралы еске салды.

Қандай сақтық шараларын ұстану қажет:

  • жарамдылық мерзімі өткен, таңбасы анық емес немесе жоқ, ыдысында деформация белгілері бар рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сатып алмау;
  • ыдыс бүтіндігінің бұзылу белгілері болса, мұздатылған азық-түлікті сатып алмау;
  • тез бұзылатын тағам мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамау;
  • респираторлық және асқазан-ішек ауруларының белгілері бар науқастардың тамақ дайындауына жол бермеу;
  • үйде жеке гигиена ережелерін және ыстық, суық тағамдарды дайындау технологиясын, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын сақтау;
  • шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану;
  • көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды су не қайнаған сумен мұқият жуу;
  • салат, тартылған ет өнімдерін аз мөлшерде дайындап, бір күннен артық сақтамау;
  • жаңа дайындалған тағамды басқа тамақтармен араластырмау;
  • тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуыру не қайнату;
  • тортты тоңазытқышта сақтау;
  • ішуге және тамақ дайындауға сүзілген суды пайдалану.

Оқи отырыңыз: ЖОО студенттерінің 36 пайызы фастфуд тұтынады, 37 пайызының асқазаны ауырады. Зерттеу нәтижелері


"Қазір эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты барлық шектеу шаралары алынып тасталды, бұл азаматтарға сәресі мен ауызашарда бір үстел басына жиналуға мүмкіндік береді. Сондықтан қауіпсіздік үшін коронавирустың және тамақтан уланудың қарапайым алдын алу шараларын ұстаныңыз" делінген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары