Оралда жолаушыларға бұрыш баллонын шашқан азамат қамауға алынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Автобус ішінде жанжал шығарған тұрғын енді заң алдында жауап бермек. Желіге таралып кеткен оқиға музыкалық фестивальден кейін болған. Бейнежазбада ашуға булыққан ер адамның қолындағы бұрыш баллонды бірнеше жолаушыға шашқаны анық көрінеді.
Осы сәттен кейін автобустың ішінде әп-сәтте айқай-шу шығып, тараптар арасында кикілжің туындаған. Олар бір-бірін балағаттап, төбелесуге де шақ қалған. Куәгерлер күдікті фестивальде үш күн бойы жұмыс істеп, концерттен кейін әріптестерімен бірге үйіне қайтып бара жатқанын жеткізді. Сол сәтте қоғамдық көлікке мінген қыз бен жігіт жанындағы адамдарға тиісіп, мазасын алған көрінеді.
Белгілі болғандай, бұл жағдайдан бір адам жарақат алды. Оның екі көзі күйіп, ауруханаға түскен.
"Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Олардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады", – деп хабарлайы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59