Сонымен қатар министр оқушылардың жұмыс дәптерін толтыру мәселесі өзгермейтінін айтты.
Ата-аналар баласының мектепте планшетпен немесе кітаппен оқыту мүмкіндігін таңдай алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет куларында айтты.
"Қағаз жүзіндегі дәстүрлі оқулықтар ешқайда кетпейді. Ол сақталады. Кей ата-аналар "цифрлық мүмкіндіктер қажет емес" десе, бас тартуына да мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан бұл жерде мәселе жоқ деп ойлаймын", – деді министр журналистердің қойған сауалына.
Министрдің айтуынша, бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да құзыретті органдармен қарастырылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылы 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына планшет беріледі
- Оқушыларға планшетпен неше минут сабақ оқуға рұқсат беріледі?
Сонымен қатар, министр оқушылардың жұмыс дәптерін толтыру мәселесі өзгермейтінін айтты.
"Балалардың бастауышта, әсіресе бірінші сыныпта қолмен жазуы, яғни каллиграфия өте маңызды. Балалардың қағаз жүзіндегі кітапты пайдалануы да өте маңызды. Бұны ерекше мәдениет деп те айтуға болады. Қолмен жазу баланың әртүрлі дағдыларын дамытады. Сондықтан бұдан ешкім алшақтап отырған жоқ. Балалардың қолмен жазып үйренуі, жұмыс дәптерлерін толтыруы ешқайда кетпейді. Біздің қабылдап отырған шешімдеріміз балалардың мүддесіне бағытталған. Ата аналарда тиісті таңдау мүмкіндігі әрқашан болады", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-