Оқушыларға планшетпен неше минут сабақ оқуға рұқсат беріледі?

1-сынып оқушылары үшін 15 минут белгіленсе, 9-11 сынып оқушылары мұндай сабаққа 30 минуттан артық қатыспауға тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық жаңа талаптар жобасын талқылауға ұсынды.

Құжат жобасында тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде келесі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

  • мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспайды;
  • 2-3 сыныптарда 20 минуттан аспайды;
  • 4-5-сыныптарда 25 минуттан аспайды;
  • 6-8 сыныптарда 25 минуттан аспайды;
  • 9-11(12) сыныптарда 30 минуттан аспайды.

Аталған шектеулер мектеп оқушыларының жеке компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулығына келетін зиянның алдын алу үшін енгізілмек.


Оқи отырыңыз: 


Құжат жобасында мектепалды сыныптардағы және жалпы мектептегі оқу ұзақтығы өзгеріссіз қалған. Еске салайық, мектепалды сыныптарда сабақ ұзақтығы 25-30 минут (сабақтар саны төрттен аспайды) болса, үзіліс уақыты кемінде 10 минут болуы тиіс.

Ал жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

Ауысымдар арасында кемінде 40 минут үзіліс көзделген.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары