OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Бұл жүйе ЖИ жасаған контентті адам жазған мәтіннен ажыратуға көмектеседі.

OpenAI Еуроодақта ChatGPT арқылы жазылған мәтіндерді кейін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы жүйе енгізбек. Бұл жасанды интеллект жасаған контенттің белгіленуін талап ететін Еуроодақтың AI туралы заңына байланысты қолға алынып отыр.

Жаңа жүйе мәтінге көзге көрінбейтін арнайы белгі қосады. Оқырман оны көрмейді, бірақ арнайы детектор мәтінді тексеріп, оның OpenAI жүйесі арқылы жасалғанын анықтай алады.

Компанияның мәліметінше, textGrain деп аталатын технология мәтінді қалыптастыру кезінде сөздердің таңдалуына статистикалық өзгеріс енгізеді. Осы өзгеріс мәтінде жасырын белгі ретінде сақталады.

Бұл жүйе ЖИ жасаған контентті адам жазған мәтіннен ажыратуға және оның шығу тегін анықтауға көмектеседі. Алайда OpenAI технологияның мінсіз емес екенін атап өтті. Мәтін өте қысқа болса немесе оған көп өзгеріс енгізілсе, жасырын белгіні анықтау қиындайды.

Сондай-ақ жүйе мәтінді нақты кім жазғанын анықтамайды және адам мен жасанды интеллектінің мәтін жасауға қосқан үлесін ажыратпайды.

OpenAI жаңа жүйені алдымен Еуроодақтағы ChatGPT және Codex қызметтеріне енгізуді жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау