OpenAI ChatGPT негізінде онлайн аудармашы қызметін іске қосты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл қызмет мәтінде 50-ден астам тілге жылдам аударуға мүмкіндік береді.

OpenAI компаниясы жаңа аударма құралы – ChatGPT Translate сервисін іске қосты. Бұл туралы компаниның ресми сайтында жазылған. 

Жаңа қызмет Google Translate-ке тікелей бәсекелес бола алады. Өйткені, ChatGPT Translate мәтінде 50-ден астам тілге еркін және жылдам аудара алады. Сондай-ақ, мәтінді түрле стильде, айталық, ресми немесе академиялық стильде аударуға болады.

Сервис интерфейсі Google Translate-ке ұқсас: бастапқы мәтін енгізілетін және аударма көрсетілетін екі өріс, сондай-ақ тіл таңдау мәзірлері бар. Алайда кейбір айырмашылықтар да бар: Google Translate суреттерді, құжаттарды және веб-сайттарды аударуға мүмкіндік берсе, ChatGPT Translate әзірге суреттегі мәтінде аудармайды.

Қазіргі уақытта ChatGPT Translate тек веб-нұсқа ретінде қолжетімді. Мобильді қосымша әзірге жоқ, ал Google Translate iOS пен Android үшін қосымша түрінде де қолданылады. OpenAI сервис ресми түрде қашан ұсынылатыны туралы хабарлаған жоқ, сондықтан жұмысында тұрақсыздық болуы мүмкін. Сондай-ақ компания жаңа аударманы қандай жасанды интеллект моделі басқаратынын әлі ашып айтпады.


Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз