USD: 469.7 / 472.5
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Онлайн құрбан шалу: Қай өңірлерде қой бағасы арзан

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құрбан айт биыл 27 мамырда басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Бұл сайт арқылы қашықтан құрбан шалуға және құрбан етін алуға да өтініш беруге болады. 

Қазақстан өңірлерінде бұл сервис арқылы құрбан шалу қызметінің бағасы әртүрлі. Ол әр өңірдегі қой мен ірі қараның бағасына байланысты. Сондай-ақ, әр өңірде құрбандыққа шалынатын мал да әртүрлі. Негізінен, олар қой-ешкі мен ірі қара болса, кей өңірлерде түйе де бар. 

Айта кетерлігі, өңірлерде түйе бағасында айырмашылық жоқ, ол 1 120 мың теңгеге тең. 

Ең арзан қой Абай және Батыс Қазақстан облыстарында. Бұл өңірлерде бір қойды 100 мың теңге төлеп, құрбандыққа шалуға болады. Өңірлердің басым бөлігінде қой бағасы 120 мың теңге болғанымен, Шымкент қаласы, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Ұлытау облыстарында қой бағасы 150 мың теңгеге дейін барады. 

Сиырды құрбандыққа шалудың ең төменгі бағасы Ақтөбе, Түркістан, БҚО және Ұлытау облыстарында (630 мың теңге) тіркелсе, Қызылорда облысында бұл баға ең жоғары (945 мың теңге).

Ешкі бағасы өңірлерде 55 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін құбылады. 

Өңірлердегі құрбандық малының бағасы (Qurban 2026 сервсиінің мәліметі бойынша): 

  • Астана: қой – 125 мың теңге, ірі қара – 875 мың теңге;
  • Алматы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Шымкент: қой – 150 мың теңге, ешкі – 75 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Абай облысы: қой – 100 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; ірі қара – 756 мың теңге;
  • Алматы облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Ақмола облысы: қой – 120 мың теңге, ірі қара – 875 мың теңге;
  • Ақтөбе облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 65 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 630 мың теңге;
  • Атырау облысы: қой – 150 мың теңге, ешкі – 90 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы: қой – 100 мың теңге, ешкі – 75 мың теңге; ірі қара – 630 мың теңге;
  • Жамбыл облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 65 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 770 мың теңге;
  • Жетісу облысы: қой – 150 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Қарағанды облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; ірі қара – 875 мың теңге;
  • Қызылорда облысы: қой – 150 мың теңге, ешкі – 100 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 700 мың теңге;
  • Қостанай облысы: қой – 100 мың теңге, ешкі – 80 мың теңге; ірі қара – 770 мың теңге;
  • Маңғыстау облысы: қой – 130 мың теңге, ешкі – 80 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 945 мың теңге;
  • Түркістан облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 60 мың теңге; түйе – 1 120 мың теңге; ірі қара – 630 мың теңге;
  • Павлодар облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 55 мың теңге; ірі қара – 770 мың теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: қой – 120 мың теңге, ірі қара – 840 мың теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы: қой – 120 мың теңге, ешкі – 70 мың теңге; ірі қара – 805 мың теңге;
  • Ұлытау облысы: қой – 150 мың теңге, ешкі – 75 мың теңге; ірі қара – 630 мың теңге.

Еске салайық, ірі қара мен түйені жеті адам бірігіп құрбандыққа шала алады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз