34 жыл құжатсыз өмір сүрген ШҚО орталығы Өскемен қаласының тұрғыны жеке куәлік алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келгеннен бері қаладан шықпаған. Өйткені, 34 жыл бұрын 20 жасында құжаттарын жоғалтқан. Құжатты сол уақытта неге рәсімдемегенін ол отбасылық жағдайлармен түсіндіреді. Биыл ол көші-қон қызметінің көмегімен жеке кәлік алып алып, мемлекеттік қызметтерді пайдалануға қол жеткізді.
"ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақытылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Азаматтардың жеке басын куәландыратын қандай да бір құжаттарының болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеу қызметтерін алуы шектелген, сондай-ақ олардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ", – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?
- Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын ауыстырмаған 125-тен астам адамды анықтаған.