31 арна "Информбюроның" жаңа басшысын тағайындады

Журналист Нұртілеу Жылқышыбай. Фото: 31 арна
Журналист Нұртілеу Жылқышыбай. Фото: 31 арна
Нұртілеу Жылқышыбай жаңа қызметінде "Информбюро" редакциясы мен ақпараттық бағдарламаларды дамытуға басымдық береді.

Журналист, тележүргізуші әрі редактор Нұртілеу Жылқышыбай ақпараттық бағдарламалар бөлімінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін "Информбюро" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментін Ержан Жүнісов басқарған.

Нұртілеу Жылқышыбай "Информбюро" көрермендеріне тілші әрі тележүргізуші ретінде жақсы таныс. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кейін "Медиадизайн" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Кәсіби еңбек жолын республикалық КТК телеарнасында тілші болып бастаған. Кейін "31 арна" ұжымына қосылып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік тақырыптарда репортаждар әзірледі. "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында тілші әрі жүргізуші болып жұмыс істеді. Одан кейін бағдарламаның шығарушы редакторы қызметіне ауысып, эфир мазмұнын қалыптастырумен қатар, жаңалықтар өндірісін ұйымдастыруға және ақпараттық күн тәртібін айқындауға жауапты болды.

Жаңа қызметінде Нұртілеу Жылқышыбай "Информбюро" редакциясы мен ақпараттық бағдарламаларды дамытуға басымдық бермек. Негізгі міндеттердің қатарында жаңалықтар сапасын арттыру, телевизиялық контентті цифрлық платформалармен ұштастыру және YouTube желісінде жаңа ақпараттық-сараптамалық жобаларды іске қосу бар.

Сонымен қатар, Нұртілеу Жылқышыбай көрермен көзінен таса болмайды. Ол басшылық қызметпен қатар, "Информбюро" ақпараттық бағдарламасын жүргізуді жалғастырады.

"Информбюро" – "31 арнаның" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы, Қазақстандағы ең танымал жаңалықтар жобаларының бірі. 30 жылдан бері елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды жариялап, көрерменге тексерілген ақпарат, сарапшылардың пікірлері мен өзекті қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік үдерістерге объективті көзқарас ұсынып келеді. "Информбюро" көрермен рейтингі бойынша Қазақстандағы үздік үш ақпараттық бағдарламаның қатарынан тұрақты түрде орын алып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау