"31 арнаның" бейнесі жаңаруда: телеарнаның визуалды стилі енді қандай болады

Иллюстрация: 31 арна
Иллюстрация: 31 арна
Арна биылғы күзде өз көрермендеріне жағымды тосынсыйлар ұсынады.

Қазақстанның топ-5 телеарнасына кіретін және республиканың барлық аумағында хабар тарататын Қазақстанның көне жекеменшік телеарналарының бірі – "31 арна" логотипін, эфирлік безендірілуін және көрнекі стилін жаңартып жатыр. 

Дегенмен, арна басшылығының айтуынша, оның әдеттегі бейнесі толығымен жоқ болып кетпейді. Жаңа дизайн "31 арнаны" заманауи  талаптарға бейімдеп, көрермен көптеген жылдар бойы танып қалған дүниелерді сақтап қалады. 

Сондай-ақ, эфирге деген көзқарас та өзгермейді: Арна әлі де отбасылық мазмұнға, күшті отандық және шетелдік киноға, үздік анимацияға, әртүрлі сериялық желіге және өзіндік өндірістің басқа бағдарламаларына басымдық береді. 

Арнаның флагмандық жобасы – "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы да визуалды түрде жаңарады. 

Басты  өзгеріс – жаңа логотип.  Онда "31" саны қалғанымен, фирмалық белгінің өзі үйлесімді әрі үндес, жеңіл әрі жинақы бола түседі. Логотипте қазақ ою-өрнегінің мотивтері – "құс қанаттары"  пайдаланылған. Бұл элемент логотипке  екпін қосып, ұлттық мәдениетке жақындата түседі. Қолтаңба түсі өзгеріп, нақтыланды – жарқын реңктің орнына ол тереңдік пен заманауи эстетикаға ие болды.

Иллюстрация: 31 арна

Слоган да жаңарып,  оның өзегін  бала кезімізден естіп өскен  қарапайым "аман бол", "бақытты бол", "сүйікті бол", "жанымда бол",  мықты бол" деген қазақи тілектер құрайды. Бұл – туыстар мен достарға арналған қысқа, шын жүректен айтылатын ізгі тілектер. Айтылар орнына орай тілектер жылы интонацияны сақтай отырып, өзгере береді. 

"31 арна" көптеген жылдар бойы елдегі ең танымал телеарналардың бірі болып келеді және солай қала береді де. Осы уақыт ішінде аудитория да, теледидар көру әдебі де, теледидар нарығының өзі де өзгерді. Сондықтан, біз үшін рестайлинг – арнаның визуалды тілін жаңарту, оны заманауи ету. Сонымен қатар, бұл – арнаның  танымалдылығын арттыру және көрерменнің  бізді не  үшін таңдайтындығын сақтап қалу мүмкіндігі. Біз осы мақсатта өз өндірісімізді  күшейтіп,  қазақстандық контентті көбірек дайындаудамыз", – деп атап өтті "31 арнаның" бас директоры Айгүл Ақсамбиева.

Телеарнаның жаңартылған стилі қазақстандық MOVATORS idea farm  агенттігімен бірлесіп әзірленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау