Тікелей эфир

Наурыз ҰБТ: Үміткерлердің 30 пайызы шекті балл жинай алмады

Орташа көрсеткіш – 65,08 балл.

Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындысын ұсынды. Оған сәйкес, үміткерлердің 30 пайызы шекті балл жинай алмаған. 

Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 59 мыңнан астам адам тест тапсырды.

Оның ішінде: 

  • талапкерлердің 69,26%-ы шекті балл жинады;
  • орташа балл – 65,08 балл;
  • ең жоғары балл – 137 балл;
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар 148 талапкер қатысты.

Оқи отырыңыз: Наурыз ҰБТ: 20 үміткер ереже бұзып, тест нәтижелері жойылды


Ереже бұзғаны үшін 81 адамның нәтижелері жойылған. Олардың ішінде:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған; 
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылған;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 17,38 пайызы "Математика-Физика" және 15,91 пайызы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын таңдаған. 

Еске салайық, наурыз айындағы ҰБТ 30 наурызға дейін өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары