Тікелей эфир

Наурыз ҰБТ: 20 үміткер ереже бұзып, тест нәтижелері жойылды

Олардың 9-ы тыйым салынған затты алғаны үшін тест тапсырмаған.

Ұлттық тестілеу орталығы Наурыз айында болып жатқан ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындысын жариялады. Қазірге дейін 13019 адам тест тапсырған. 

Олардың 60 пайызы шекті балл жинай алса, тест тапсырушылардың орташа балы 59-ды құрады. Ал ең жоғарғы көрсеткіш – 137 балл. 


Оқи отырыңыз: ҰТО 11-16 наурыздағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесін жариялады


Ал ереже бұзғаны үшін 20 адамның нәтижелері жойылған:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 9 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса; 
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан11 адам шығарылған. 

"Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 17,11 пайызы "Математика-физика" және 14 пайызы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын таңдаған", – делінген ҰТО хабарламасында.

Еске салайық, наурыз айындағы ҰБТ 30 наурызға дейін өтеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары