USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Наурыз туралы теріс пікірлер: Бас прокуратура жалған ақпаратқа қатысты ескерту жасады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады.

ҚР Бас прокуратурасы азаматтарды, соның ішінде онлайн-платформаларда пікір білдірушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қадағалаушы органның мәліметінше, соңғы уақытта жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, соның ішінде Наурыз мейрамына қатысты теріс пікірлерді жария түрде тарату фактілері тіркелген. Мұндай мәлімдемелер көбіне бұрмаланған діни түсініктермен негізделіп, қоғамда кері әсер тудыруы мүмкін.

Бас прокуратура мұндай әрекеттер Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл ұлтаралық және дінаралық келісімге нұқсан келтіріп, ұлттық құндылықтардың беделін түсіруі ықтимал. Ерекше назар журналистер мен блогерлердің жауапкершілігіне аударылды. Ведомство олардың кәсіби этиканы сақтап, арандатушылық және жалған мәлімдемелердің таралуына жол бермеуі қажет екенін ескертті.

"Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкелетіні айтылды. Ал ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 174-бабы аясында қарастырылып, ауыр жазаға соқтырады. Бұдан бөлек, мұндай әрекеттер діни қызмет туралы заңнаманы бұзу ретінде бағаланып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке де әкелуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Қадағалаушы орган азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартып, қоғамдағы тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға шақырды. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда заң аясында қатаң шаралар қабылданатыны ескертілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз