Наурыз мерекелерінде отырыс өткізуге рұқсат па?

Кештер мен басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу тек Ashyq нысандарында рұқсат.

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындары алдағы наурыз мерекелерінде үлкен отырыстар өткізе ала ма, жоқ па айтып берді.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Ashyq жүйесіне қосылған объектілерде бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат. Бұған конференция, форум, мереке, отбасылық және естелік іс-шаралар кіреді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар наурызда 12 күн демалады


"Кештер мен басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу тек Ashyq нысандарында рұқсат. Бірақ Алматы қаласы "қызыл" аймақта орналасқандықтан, толымдылық 70%-дан аспауы тиіс. Егер қалада Covid-19 жұқтыру деңгейі айтарлықтай төмендесе, толымдылыққа қатысты қандай да бір шектеу болмайды", – деді Сәдуақас Байғабылов. 

Еске салсақ, Қазақстанда өлім-жітім 5 жылда 40 пайызға жуық өскені туралы хабарлаған едік. 17 өңір ішінде тек Қызылорда облысында өлім-жітім саны 4,2 пайыз – 5,8 мың адамға дейін қысқарды.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары