Президент Мұрат Мұхановты төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Мұрат Мұханов 2024 жылғы ақпаннан бері Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарып келген Шыңғыс Арыновтың орнына тағайындалды.
Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – ЖИ министрі болып қайта тағайындалды
Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінде қалды