Президент Серік Жұманғаринді аталған қызметке қайта тағайындады.
Мемлекет басшысы Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындады. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.
Серік Жұманғарин бұл қызметті 2024 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.
Ол Мәскеу энергетика институтын "Жылу физикасы" мамандығы бойынша және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды