Алматының Наурызбай аудандық соты Мұқасан Шахзадаевтың шаңырағында әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жыққан Азамат Есеркеновке қатысты үкім шығарды. Сот үкімі бойынша Ол 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл төлеуге тиіс.
Дегенмен, сот арызданушы тараптың Азамат Есеркеновпен қатар шаңырақ иесі Мұқасан Шахзадаевтың өзін де жазалау туралы арызын қанағаттандырған жоқ.
Мұны судья Бейнегүл Қайсина сотталушының, куәлардың және жәбірленушінің жауаптарын, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы дәлелдемелерді бағалау негізінде істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ деп шешім шығарғанымен байланыстырды.
Еске салайық, былтыр қарашада "Нұр-Мұқасан" тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменді ұрды деген ақпарат тараған болатын. Кейін әншіге қол көтерген адам оның әкімшісі Азамат Есеркенов екені белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Аша Матай, Тамара Асар. Әнші-блогерлердің партиялық тізімге енуі заңға қайшы ма
Әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды