USD: 470.1 / 473.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Аша Матай, Тамара Асар. Әнші-блогерлердің партиялық тізімге енуі заңға қайшы ма

Фото: instagram.com/asha_matai
Фото: instagram.com/asha_matai
Танымал адамдарды саяси науқанға тарту – көптеген елде қалыптасқан тәжірибе, дейді саясаттанушы.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев айтуынша, елімізде әнші, блогер, спортшылар сынды елге танымал тұлғалардың партия тізіміне еніп, Құрылтайға үміткер болуына ҚР "Сайлау туралы" заңында болуына ешқандай шектеу қойылмаған. Бұл туралы Nofake.kz сайты жазды. 

"Үміткерлерге заңда көрсетілген талаптар ғана қолданылады. Мысалы, олар Қазақстан азаматы болуы керек немесе үміткерлердің жасы ескерілуі тиіс. Бұл талаптардың бәрі – заңда белгіленген шарттар. Ал кандидаттың мамандығына немесе кәсібіне байланысты ешқандай шектеу жоқ. Танымал адамдар өз аудиториясына әсер ете алады және саясатқа аса қызығушылық танытпайтын сайлаушыларға партияның ұстанымын жеткізуге мүмкіндік береді. Шын мәнінде, сайлаушылардың басым бөлігін саясаттан хабары жоқ адамдар тұрады. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, өндіріс орындарының жұмысшылары, көпбалалы аналар және басқа да әлеуметтік топтар бар. Олар журналистер немесе саясаттанушылар сияқты саяси күн тәртібін тұрақты қадағаламайды", – дейді саясаттанушы. 

Ғазиз Әбішевтің пікірінше, халық сенім артатын медиа тұлғаның белгілі бір партияны қолдауы сайлаушылар үшін сол партияның сенімді әрі тартымды екенінің белгісі ретінде қабылдануы мүмкін. Яғни, бұл – қалыпты саяси технология.

"Бұл әртіс немесе блогер міндетті түрде Парламент депутаты болады дегенді білдірмейді. Партиялық тізімге ену арқылы ол, ең алдымен, сол партияға өз сенімін білдіреді. Ал оның аудиториясы сол тұлғаға деген сенімінің белгілі бір бөлігін партияға да аударады. Яғни, мұндай адам сайлаушылар үшін өзіндік сенім индикаторы қызметін атқарады", – деді Ғазиз Әбішев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау