USD: 473.5 / 477.5
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Мо Янь Жазушылар одағының Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсыну жөніндегі өтінішіне жауап берді

Қытай жазушысы Мо Янь. Фото: Жазушылар одағы
Қытай жазушысы Мо Янь. Фото: Жазушылар одағы
Қытай жазушысы Төлен Әбдіктің "Парасат майданы" повесін оқып шыққанын айтып, оған жоғары баға берді.

Қазақстан Жазушылар одағы Қытай жазушысы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янның одақ төрағасы Мереке Құлкеновтің хатына жазған жауабын жария етті. Бұл хатта Мереке Құлкенов жазушы Төлен Әбдікті Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде өтініш айтқан болатын. 

Моя Янь өз жауапхатында Қазақстаннан қайтқаннан кейін Төлен Әбдіктің "Парасат майданы" атты повесін оқып шыққанын және оқу барысында үнемі Лу Шүннің "Есалаңның естелігі", Дантенің "Құдіретті комедиясы", Гетенің "Фаусты" және Итало Кальвиноның "Қақ бөлінген виконт" шығармалары есіне түскенін жазған. 

Ол бұл хикаятқа "оқырманды терең ойға жетелейтін, пайымдау кеңістігін молынан ашатын шығарма" деп баға берді. 

"Алайда Нобель сыйлығы бір ғана шығарманы емес, жазушының жалпы шығармашылық жетістігін бағалайды. Әрине, кейбір шығармалар қазылар алқасының ерекше назарын аударуы мүмкін, алайда бір ғана повесть арқылы сыйлық алған мысалдар іс жүзінде жоқ деуге болады. Нобель комитетінің мүшелерінің басым көпшілігі шығыс тілдеріндегі шығармаларды түпнұсқадан оқи алмайды. Сондықтан жазушының негізгі шығармалары алдымен батыс тілдеріне аударылып, содан кейін ғана оның еңбектері Нобель комитетінің назарына ілігуі мүмкін. Бұл үдеріс біршама ұзақ уақытты талап етеді", – деді Мо Янь. 

Өзінің соңғы жылдары мен негізінен қытай жазушыларын халықаралық деңгейде насихаттаумен айналысып жүргенін жазған Қытай жазушысы әзірге Төлен Әбдік мырзаның кандидатурасын ұсына алмайтынын айтты. 

"Уақыты келгенде бұл мәселені қайта талқылай аламыз", – деп түйіндеді хатын Нобель сыйлығының лауреаты. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау