USD: 486.5 / 489.1
  • EUR: 558.0 / 563.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанға Нобель сыйлығының лауреаты, танымал жазушы Мо Янь келді

Қытай жазушысы Мо Янь. Фото: Бақытжан Омардың Facebook парақшасы
Қытай жазушысы Мо Янь. Фото: Бақытжан Омардың Facebook парақшасы
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құрметті профессоры атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге танымал қытай жазушысы Мо Янь арнайы келді. Бұл туралы университеттің проректоры Бақытжан Омар жазды. 

"Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Қансейітұлының тапсырмасымен мәртебелі қонаққа оқу орнымыздың жетістіктері мен даму бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, Мо Янь мырзаны профессор-оқытушылар құрамымен, зиялы қауым өкілдерімен және қаламгерлермен кездестірдік. Аталған тағылымды шара Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп ұйымдастырылды. Осы ретте, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ағамызға шынайы алғысымызды білдіреміз", – деп жазды ол. 

Фото: Бақытжан Омардың Facebook парақшасы

Кездесу барысында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен Нобель сыйлығының лауреаты Мо Яньға және белгілі жазушы, қоғам қайраткері Акбар Мәжитке университеттің Құрметті профессоры атағы салтанатты түрде табысталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз