Мирзиёев шахматшы Жавохир Синдаровқа көлік, коттедж және 200 мың доллар сыйлады

Жавохир Синдаров. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Жавохир Синдаров. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Өзбекстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасында биыл екінші рет чемпион атанды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жеңіске жеткен елдің ерлер құрамасын марапаттады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Президенттің сый-сияпаты Volkswagen автокөлігі, коттедж және 200 мың АҚШ долларынан тұрады. 

Еске салайық, Өзбекстанның ерлер құрамасы Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама турнирді 20 командалық ұпаймен аяқтап, 10 жеңіске жеткен. Команда есепте бір рет жеңілген. Өзбекстан құрамасы Үндістан мен Германия құрамаларын артқа тастап, олимпиада чемпионы атанды. Шешуші турда өзбек шахматшылары Украина құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңіп, алтын жүлдені қамтамасыз етті.

Турнирде Өзбекстан құрамасының бірнеше шахматшысы жекелей жүлдеге де ие болды. Нодирбек Абдусатторов бірінші тақтада алтын медаль жеңіп алса, Нодирбек Якуббоев үшінші тақтада күміс жүлдеге ие болды. Жавохир Синдаров екінші тақтада қола медаль алды.

Құрама сапында Мухиддин Мадаминов пен Шамсиддин Вохидов те өнер көрсетті.

Осылайша Өзбекстан ерлер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші рет чемпион атанды. Ал Өзбекстанның әйелдер құрамасы жарысты жетінші орында аяқтап, қоржынына 15 командалық ұпай жинады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау