Тікелей эфир

"Ауыл" партиясы президент сайлауына қатысуға Жигули Дайрабаевты ұсынды

Жигули Дайрабаев – "Қазақстан фермерлер одағының" төрағасы.

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс съезд өткізіп, 20 қарашада өтетін Қазақстан президенті сайлауына "Атамекен" президиумының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаевтың кандидаттығын ұсынды.

Жигули Дайрабаев. Фото: Информбюро

Съезд жұмысына фракцияның барлық облыстардағы филиалдарының делегаттары қатысты. 

"Ауыл" партиясы ауыл тұрғындарының, адал еңбек адамдарының мүддесін қорғайды. Ауыл біздің дәстүрлі құндылықтарымыздың бастауы, рухани дәстүрлеріміздің тірегі, тілдің қорғаны, халық мәдениетінің негізі. "Ауыл" партиясының басты міндеті – саяси тұрақты, экономикалық гүлденген, әлеуметтік әділетті Жаңа Қазақстанды құруға қатысу", – деп атап өтті партия төрағасы Әли Бектаев. 

Съезд қатысушылары Жигули Дайрабаевтың кандидаттығын бірауыздан қолдап дауыс берді. 

"Біздің еліміз бен аграрлық сектордың гүлденуі үшін қолымнан келгенше еңбек етемін", – деді Жигули Дайрабаев. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары