USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.27 / 6.39
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына 3611 өтінім қабылданды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Байқау лауреаттары 11 қыркүйекте Астанада марапатталады.

Биыл "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды. 

Ең көп өтінім Қарағанды және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан түскен. 

Еске салайық, конкурс екі кезең бойынша өтеді. Алдымен аудандық және қалалық деңгейдегі комиссиялар құжаттарды қарап, облыстық кезеңге жолдама алатын отбасыларды анықтайды. Одан кейін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және елорда комиссиялары республикалық кезеңге қатысатын жеңімпаздарды іріктейді. 

"Мерейлі отбасы – 2026" ұлттық конкурсы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында Отбасы күні қарсаңында өтеді. 

Ұлттық конкурс дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және оның қоғамдағы орнын айқындай түсуге бағытталған. Байқау өткізілген жылдар ішінде оған Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз