USD: 467.1 / 469.7
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта пайдалануға бола ма? Министрлік түсініктемесі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оны төсек-орын, перде, дастарқан, төсеніш және тұрмыстық мақсаттағы басқа да бұйымдарда бейнелеуге болмайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты жаңартылған ережелер бойынша түсініктеме берді. Олардың негізгілерін ұсынамыз: 

Гимн – Әнұран. Жаңартылған құжаттағы маңызды өзгерістердің бірі – терминологияның біріздендірілуі. Бұдан былай нормативтік құқықтық актілерде "Гимн» атауының орнына "Әнұран» атауы қолданылады.

Мемлекеттік Туды орналастыру тәртібі. Енді Туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға да 45 градус бұрышпен ілуге болады. Бұл мүмкіндік заңнамада 2020 жылдан бері қарастырылғанымен, балконға орналастыру тәртібі осы уақытқа дейін нақты айқындалмаған еді.

Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде үш метр биіктікте орналасуы тиіс. Бұрын міндетті болған түнгі жарықтандыру талабы алынып тасталды. Егер ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты Туды қасбетке орналастыру мүмкін болмаса, оны үй аумағындағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе басқа да заттардың бетіне тимеуі қажет. Ал Ту тік ілінген жағдайда ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде орналасуы тиіс. Сонымен қатар Туды коммерциялық мақсат көзделмеген жағдайда мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда пайдалануға рұқсат беріледі. Сондай-ақ заң талаптары сақталған жағдайда Туды көлік салонында орналастыруға болады.

Мемлекеттік Туға қатысты тыйымдар. Өңі кеткен, жыртылған, кірлеген немесе басқа да зақымдары бар Туды пайдалануға жол берілмейді. Сондай-ақ мемлекеттік рәмізді әдейі бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға немесе оның қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, Туды жарнамалық мақсатта пайдалануға, сондай-ақ оны киім-кешекке, төсек-орын жабдықтарына, пердеге, дастарқанға, төсенішке және тұрмыстық мақсаттағы басқа да бұйымдарға орналастыруға болмайды.

Туды спорттық киімде қолдану. Енді Тудың бейнесін спортшылардың киімі мен спорттық жабдықтарында пайдалануға рұқсат етілді. Бұған дейін заңнамада спорттық киімде тек лтаңбаны қолдануға мүмкіндік берілген болатын. Енді бұл норма Туға да қатысты қолданылады. Спорттық киімдер қатарына футболкалар, спорттық костюмдер, бейсболкалар, кепкалар және өзге де спорттық киім үлгілері кіреді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау